Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Жамбыл ауданында орналасқан «Тау-land» жазғы сауықтыру лагері — жеке меншік. Қазір лагерьде 400 бала демалып жатыр.
«Прокуратура мен СЭС қызметкерлерінің жоспардан тыс тексеруі барысында балаларды орналастыру және дезинфекциялық режимнің бұзылуы анықталды. Демалыс орнының ғимараттары, асхана және басқа да қосалқы ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін ата-аналар Алматы облысындағы «Бәйтерек» балалар лагеріндегі жағдайдың нашарлығына шағымданған болатын.
Прокуратура ол жерде бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Оның үстіне, осы лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).
23:51, 09 Тамыз 2023
Алматы облысындағы тағы бір лагерьден заң бұзушылықтар анықталды
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Облыстық прокуратура мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері Жамбыл ауданындағы «Тay-land» жазғы сауықтыру лагерінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижиесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.