«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, 2-4 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Тау өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және беткей ағындардың қалыптасуы күтілуде», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде су басу қаупі бар аймақтарды атаған болатын. Алматы облысы тәуекелі орташа аймаққа жатады.