«Өткен тәулікте Қазақстанның барлық таулы аумақтарында қар жауды. Ең биік қар жамылғысы Іле Алатауында болып, оның биіктігі 21 сантиметрді құрады. Қардың түсуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, 8-24° аяз болды. 11 қаңтар күні кіші Алматы өзенінің бассейнінде үш рет шағын қар көшкіні байқалды», - делінген хабарламада.
Таяу күндері (12-13 қаңтар) Қазақстанның таулы аумақтарында қар көшкіні болмайды. 14 қаңтарда ауа райына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.