Алматы облысындағы жасанды су қоймасында мұз ойылып, үш балықшы мінген автокөлік батып кетті

АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданындағы жасанды су қоймасында қармақ салу кезінде мұз ойылып, үш балықшы мінген «Мицубиси»  автокөлігі батып кетті,

  деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 Оқиға кешкі сағат 21.30-да болған. Қазіргі уақытта, ведомстваның хабарлауынша, суда құтқару қызметінің күшімен опат болған балықшылардың мәйіттері іздестірілуде.