Алматы облысындағы жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты
13:55, 11 Сәуір 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында Сарыөзек-Қорғас тас жолының 129-шы шақырымында Ауди-100 маркалы көлікпен ВАЗ-2121 көлігі соқтығысты.
Жол-көлік апаты болған жерде 4 адам - екі көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушы мерт болды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жаркент қаласының орталық ауруханасына оқиға орнынан әртүрлі жарақатпен тағы да 3 адам жеткізілді. Полиция қызметкерлері екеуінің жеке тұлғасын анықтау үстінде.
Жол полицияның жасаған алдын ала болжамы бойынша Ауди-100 маркалы көліктің жүргізушісі Қоңырөлең ауылына жақын жерде басқару тетігіне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2121 маркалы көлікпен соқтығысты. Факті бойынша облыстық жол полициясы тексеру амалдарын жалғастыруда.