Алматы облысындағы жол-көлік апатынан мотоциклшы қаза тапты

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жол-көлік апатынан 35 жастағы мотоциклшы қаза тапты.

Оқиға 23 тамыз күні Алматы-Өскемен тас жолының 233-ші шақырымында, түскі екі шамасында болған.

Мерседес-бенц автокөлігінің жүргізушісі бұрылғалы тұрған тіркемесі бар мотоциклді қағып кеткен.

Оқиға орнына жол-көлік апатының себебін анықтайтын сарапшылар жіберілді.

Бұл орын ел арасында «Жанайдар асуы» деп аталады. Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын жергілікті бизнесмен Жанайдар Егінбаев жеңіл тікұшағымен опат болған еді.