Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды
11:15, 22 Маусым 2020
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Амандық Баталовтың тапсырған сынамасы коронавирус барын көрсетті. Өңір басшысы оқшауланды. Жұмысын қашықтан жалғастырады», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.