Бүгін Талдықорғанда ҚР ІІМ «Динамо» дене шынықтыру-спорттық қоғамының ұйымдастыруымен VI спартакиада басталды. Жарыс Қазақстан полициясының 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай өтуде. Спорттық жарыстың басталуымен қатысушыларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, сәттілік тіледі.
Шараға ҚР Бас прокуратурасының, ҚР ҰҚК-нің, ҚР ІІМ-нің, ҚР Ұлттық гвардиясының, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ІІМ МКҚБ-ның, ҚР ҰҚК шекара қызметінің, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің және ҚР ІІМ ТЖК-нің қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысуда.
Шағын футболдан өтіп жатқан республикалық жарыс 26 мамырға дейін жалғасады.