Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай хабарлағандай, бұл атаулы шараға Алматы облысынан 36 делегат барады, оның ішінде 27-і - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.
Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Леонид Гирш, «Парасат» және «Достық» ордендерінің кавалері Асылы Осман, «Парасат» орденінің кавалері Александр Бузыкин, «Қазақстан-Корея» достық қоғамының төрағасы Клара Хан және Жетісу өңірінің басқа да құрметті азаматтары бар.
Кездесу соңында А.Мұсаханов әр делегатқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесінің куәлігін табыс етті.