Алматы облысының әкімі наркодиспансердегі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтуда

ТАЛДЫҚОРҒАН.   Қыркүйектің 14-і.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -  Алматы  облысының әкімі  Серік Үмбетов    Талдықорғандағы     наркологиялық диспансерде   өрт кезінде  қаза болғандардың  туыстары мен жақындарына  көңіл  айту  үшін,  бүгін  Алматы  облысының аудандарына аттанды,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы  облысы әкімінің баспасөз   қызметінен  хабарлағандай,  Серік Үмбетов   алдымен  Ақсу ауданындағы Жансүгіров атындағы  ауылға   барып,   онда  бір отбасына көңіл   білдіреді.  Одан кейін  әкім  Сарқандқа барады,  онда  әкім екі  отбасыға кіріп, көңіл  айтады.  Сапар    Алакөл  ауданында  аяқталады.

Өрт  салдарынан  қаза тапқандардың  ішінде Талдықорған қаласының 11 тұрғыны  бар,  қалғандары  - мәжбүрлі  емдеуге  Қапшағай, Текелі  және   Ақсу    қалаларынан, Алакөл,  Еңбекшіқазақ, Қарасай  және  Сарқанд  аудандарынан  келгендер.

Сондай-ақ бүгін түстен кейін облыстық  мәслихаттың   сессиясын өткізу  жоспарлануда,  онда   қаза тапқандардың  отбасыларына  материалдық көмек көрсету  мәселесі  шешіледі.