Алматы облысының әкімі жаңа ауыл мектебінің оқушыларын құттықтады (ФОТО)
Үшқабатты ғимарат 4 блоктан тұрады. 13 нөмір берілген мектепте 46 кабинет - спорт залы, 240 орындық акті залы, 140 орындық асхана, лингафон және медициналық кабинеттер, 118 компьютер қойылған 6 компьютерлік сынып, сондай-ақ 14 интерактивті тақта бар.
Қазіргі уақытта мектепке 1249 оқушы қабылданып, 42 сыныпқа бөлінді.
Білім ошағының ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сөз сөйледі. Ұстаздарды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтаған өңір басшысы, егер 2005 жылы білім саласын дамытуға 28 млрд. теңге бөлінсе, биыл 105 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылғандығын атап өтті. Бұған қоса жыл сайын облыстағы оқу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып отырады.
«Жаңа мектеп Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу бағытында салынды. Нысанның сметалық құны - 1 млрд. 200 млн. теңге. Мұнда сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған»,- деп атап өтті А. Баталов.
Өңір басшысының айтуынша, ағымдағы жылы облыста 1 қыркүйекте тағы 11 мектеп ашылады. Бұдан басқа 2015 жылы 4 білім шаңырағы тұрғызылады.