Бұл сыйлық әртүрлі салалардағы жас белсенді жастарды қолдау және ынталандыру мақсатында тағайындалған болатын.
Облыс әкімі Амандық Баталов өз сөзінде қоғамның тәуелсіздігін нығайтудағы жастардың рөлін атап өтті. Жас көшбасшыларға 17 аталымда дипломдар мен 200 000 теңгеден ақшалай сертификаттар тапсырылды.
Кездесу соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының думанды концертімен аяқталды.