Алматы облысының аудан орталықтарында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өтуде
09:44, 29 Ақпан 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-мен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл «Жетісу Агро Сауда» ЖШС Ескелді ауданында ашқан үшінші сауда орны. Олардың қатарында - Ескелді би көшесінде орналасқан «Еуразия» дүкені мен «Сарғалдақ» шаруа қожалығының «Санжар» сауда үйілері бар.
Азық-түлік өнімдері ауданның сауда желілеріндегіден 15-20 пайызға төмен бағамен, делдалдарсыз сатылуда.