Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, Райымбек ауданындағы орталық аурухананың перзентхана бөлімінде бір жылға жуық уақыт бойы 14 млн.-нан астам теңге тұратын өкпені жасанды вентиляциялау аппараты қолданыссыз тұр.
Өкпені жасанды вентиляциялау аппаратының ауа баллондарына қосылатын штуцерлердің болмауы жабдықтың пайдаланылмауының себебі болып шықты. Сондай-ақ екі жыл бойы құны 7 млн. теңгеден асатын сәбилерге арналған инкубатор және 5 млн. теңгеден астам сома тұратын УЗИ - DP-6600 аппараты іске жаратылмаған.
Айта кетейік, өткен жылы бұл бөлімшеде дүниеге келген 3 сәби көз жұмды. Биыл бұл оқиға қайталанды. Сәбилер тыныс алу жолдарының және жүрек-қан тамыры ауруларының салдарынан шетінеген.