Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәсекелестікті қорғау заңнамаларын бұзу фактісіне байланысты «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ қатысты тексеру жұмыстары басталды.
Облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан арзандатылған дизельді отынды бөлу жұмыстарына талдау жүргізу барысында басқарма қызметі тарапынан бәсекеге қабілеттілік заңнамаларын бұзу әрекеттерін анықтады.