«Алматы облысы бойынша 16 аудан мен 3 қала бар. Яғни, осы 19 аудан мен қаланың 15-інде 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ауа температурасы -25 градусқа жеткен елді мекендерде сабақтар тоқтатылды. Ертең де үскірік аяздың сақталуына байланысты бастауыштың балалары оқымайды», деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова.
Сондай-ақ, Майгүл Тілеутайқызының айтуынша, Қарасай, Райымбек, Панфилов аудандарымен Текелі қаласының мектептері толық режімде жұмыс істеп тұр. Себебі бұл аймақтарда ауа температурасы -25 градусқа жетпеген.