Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бауыржан Ербозымұлы 1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік медицина және Алматы үздіксіз білім беру университеттерінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласының ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық институтының клиникалық ординаторы болып бастаған.
Әр жылдарда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы №23 отбасылық амбулаторияда дерматолог-дәрігер, Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі, дерматолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтің сапасын қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының жетекші маманы, Алматы қалалық ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» МКК дермавенеролог-дәрігері, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан - Алматы қалалық ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» МКК бас дәрігері болып жұмыс істеді.
Айта кету керек, бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін Асхан Байдувалиев атқарды. Ол өз өтініші бойынша аталған лауазымынан босатылды.