Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарлама жұмыс істей бастағалы Ақсу ауданына 110 маман келіп отыр, олардың ішінде, білім саласына - 46 адам, медицина саласына 12 адам келген. Соңғы 2-3 жылдың ішінде Жансүгіров атындағы ауылға 10 дәрігер келіп қоныстанған. Олардың ішінде хирургтер мен анестезиологтар, гинекологтар мен неонатологтар, лор-дәрігер мен окулист мамандары бар. Олардың барлығы пәтер алып отыр.
Сондай-ақ оқу жылының басында Сарқан ауданының ауыл мектептеріне 30 мұғалім келді.