Алматы облысының екіге бөлінуі көптеген экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешеді - депутат

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Президент еліміздегі ірі аймақ Алматы облысын екіге бөлу арқылы көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешеді. Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, депутат Жанболат Жөргенбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы маңындағы аудандарда халық санының өсуі, олардың облыс орталығы Талдықорғанға келіп-кетуі көптеген қолайсыздықтар тудыруда. Сондықтан Жетісу облысын құрып, орталығын Талдықорған етіп, Алматы облысының орталығын Қапшағай қаласына көшіру ұтымды шешім дейді облыстық мәслихат аппаратының өкілдері. Президент Жолдауын тыңдаған қауым аймаққа жаңа инвестициялар тартылып, шалғай аудандарды қалпына келтіру арқылы Жетісу өңіріне тың серпін беріледі деген пікірде.

«Талдықорған өңіріне жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін, инвесторларды тарту мәселесі сияқты бір кешенді жоспарлар дайындалып жатыр. Оның бәріне әрине уақыт керек. Көш жүре түзеледі дейді. Жасалып жатқан шаралардың барлығы іске асып жатқанда әрине болашақ Жетісу өңірі де жақсы бір үлкен облыстардың бірі болады деп есептеймін»,- деді Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев.