Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Серіктес қала «GateCity» аумағында «Береке» жаңа индустриалды аймағы құрылып, онда ірі компаниялардың қатысуымен жалпы құны 90 млрд теңгелік, 2 мың жұмыс орны құрылатын 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Олардың қатарында ет полуфабрикаттарын шығаратын «Бауманн» (Германия), картоп өңдейтін «Фармфритс» (Голландия), жылыжай шаруашылығы бойынша «Экокультур» (Ресей) компаниялары бар», - деді Амандық Баталов.
Сондай-ақ облыста «Талдықорған», «Береке», «Арна», «Боралдай», «Қазыбек бек», «Қайрат» - 6 индустриалды аймақ бар екені және олардың барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгені айтылды.