Алматы облысының кәсіпорындары «ЭКСПО-2017» құрылысына қатысатын болады
Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.
«Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз », - деді Ахметжан Есімов.
Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды.
«Өздеріңізге белгілі, Алматы облысының әлеуеті ауқымды. ЭКСПО-2017» сияқты үлкен жобаға біздің тауар өндірушілеріміздің қатысатындығына біз қуаныштымыз» - деді облыс әкімі Амандық Баталов.
«ЭКСПО» бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті.
Кездесу барысында ұлттық компанияның бас мердігерлері отандық тауар өндірушілермен 11 келісімшартқа қол қойды.
Атап айтсақ, бас мердігер АО «Сембол Иншаат» бірден 4 келісімшартқа қол қойып, «Plast Invest Production» ЖШС, «Компания Sonik» ЖШС, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС және «АЛЮГАЛ» ЖШС компанияларымен жұмыс істеуге келісті.
Осындай келісімдер «Mabco constructions s.a.» мердігері үш шарт- «КнауфГипсКапшагай» ЖШС, «Хенкель Баутехник Казахстан» ЖШС және «Галакси» ЖШС компанияларымен жасасты. Сонымен қатар, «АБК Кұрылыс-1» компаниясы«КнауфГипсКапшагай» ЖШС- мен және «Жетісу Гранит» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойды.
«Turkuaz YDA Stroy» компаниясы «Табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу» мемлекеттік мекемесімен, «САЭС Средазэнергострой» компаниясы «АСПМК-519» акционерлік қоғамымен; «СК «Базис» компаниясы «Мекада» ЖШС, «Текели-гранит» ЖШС, «КнауфГипсКапшагай» ЖШС бірге жұмыс істеу ниетін меморандумда бекітті.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен де, атап айтқанда «Көлсай өзені», «Алтын Эмель», «Іле Алатау» мекемелерімен, сондай ақ «Жібек жолы» және «Asia Discovery» туроператорларымен меморандумға қол қойылды
Компания Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен, сонымен қатар Астана қаласының әкімдігімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасап, қол қойды.