Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпанның 1-інде Жаркент қаласындағы үйлердің біріндегі жертөледен оқ жарақатымен 36 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ақпанның 18-інде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады», -деді ол.
Қ. Жұмановтың сөзіне қарағанда, оның ішінде тапсырыс беруші, яғни жәбірленушінің бұрынғы жұмыс берушісі, қылмысты орындаушы және кісі өлтірушіге шолақ мылтық сатқан азамат құрықталды.