Алматы облысының құрылыс нысандарында Еңбек кодексінің бұзушылықтары анықталды
Құрылыс алаңында құрылысшылардың көбінде каскалар жоқ. Бұл ретте Еңбек кондексіне сәйкес жұмыс беруші өз қаражатынан қызметкерлеріне арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныстың басқа құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ күнделікті сүт пен емдеу-алдын алу тамақтануын қамтамасыз етуі екендігін айта кеткен жөн.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, биіктіктегі құрылыс жұмыстары қоршаусыз жүргізілуде, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша нұсқаулықтар, қауіпсіздік және қорғау мәселелері бойынша білімді тексеру жүргізілмейді. Осындай заңдылықты бұзу сондай-ақ Матай стансысындағы мектеп құрылысында да анықталды.
Аудан прокуратурасы талдықорғандық аймақ бойынша мемлекеттік инспекция басқармасының бастығына тиісті шараларды қабылдау үшін заңдылықтың бұзылуын жоюды тапсырды.