«Алматы облыстық ТЖД 19 құтқарушысы кеше кешкісін жолға шықты. Олар көмек көрсетуге және су тасқыны салдарымен күресуге аттанды. Мамандармен қоса, 3 арнайы техника, 15 мотопомпа, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар. сүңгуірлердің киімдері де жіберілді», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қыземтінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Маманның сөзінше, 19 құтқарушы 14 күндік азық-түлікпен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха және Глубокое аудандарында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. https://kaz.inform.kz/news/shko-nyn-glubokoe-audanynynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy_a3196677