«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 4 шілдедегі №61-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескертеді!
Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, бүгін 4 шілде және жақын тәуліктерде Алматы облысының өзендерде су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін. Кейбір жерлерді су басуы ықтимал», - делінген хабарламада.