Алматы облысының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«19 мамырда нөсер жауынның салдарынан Алматы облысының өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.