Алматы облысының полицейлері кең ауқымды операция барысында 7 есірткі сатушыны құрықтады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полициясы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кең ауқымды шара барысында есірткі таратумен айналысатын 7 адам ұсталды.

Полицейлер есірткі таратумен айналысуда күдікті адамдарды ұстау бойынша жедел шараларды Талдықорған және Үштөбе қалаларында жүзеге асырды.

Есірткі сатумен айналысқандары үшін 25-54 жас аралығында жеті адам ұсталды.

Ескере кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында заңсыз айналымнан 4 келіден астам есірткі заты тәркіленді.