«Куәгерлердің айтуынша, жанжал кісі өлтіру дерегі болмай тұрып, біршама уақыт бұрын басталған. Конфликт қатысушыларының мектеп қабырғасынан бастап араздасқаны және бір-бірімен жағымсыз қарым-қатынаста болғаны анықталды. Соңғы шиленіс кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан бір адам қаза болып, қалған екеуі жарақаттанды», - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауда екенін хабарлайды.
Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұзынағашта атыс болып, үш адам ауруханаға түскенін, оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.