Алматы облысының соты қуғын-сүргінге ұшыраған адамның қызына әділеттікті қалпына келтіруге көмектесті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Текелі аудандық сотына қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдің қызы өтініш берді.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның анасы саяси қуғын сүргін кезінде 1941 жылы Талдықорған облысына жер аударылды. Одан кейін арнайы қоныстандырылған жерге - Қапал ауданынына ауыстьрылды, онда 1956 жылға дейін арнайы есеғпте тұрды.

Сотқа жүгінген әйел 1955 жылы туған және анасымен бірге болды, яғни сотталғандардың баласы болып шықты Ол «анасы -қызы» туыстық дәрежесін анықтады, ол 1956 жылға дейін анасының жанында болғанын дәлелдеп шықты.

Сонымен қатар сот шешімімен өтініш беруші анасының әкесінің атын түзетті, ол құжаттардың бірінде «Ивановна» болып жүрген еді, енді «Иогановна» деп жазылатын болды.