«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 8 маусымдағы №51-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!
Ауа-райының ысуы және тауларда қардың қарқынды түрде еруіне байланысты, 8-13 маусым аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жекелеген өзендерде су тасуы және сәйкесінше кейбір жерлерді су басуы ықтимал», - делінген хабарламада.
13:22, 08 Маусым 2016
Алматы облысының таудағы өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде - ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 8-13 маусымы аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.