Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы «Торайғыр» тауында есірткіжинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 келіге жуықмарихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дереккесәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені және бұғандейін осыған ұқсас әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшінжинағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралыміндеттемемен босатылды.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жыл басынанбері заңсыз айналымнан 350 келіден астамесірткі заттарын тәркілеген. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин бар.

Соңғы жаңалықтар