Синоптиктердің мәліметінше, өткен тәулікте еліміздің таулы аймақтарында қар жауған жоқ. Қар бетінде ешқандай өзгеріс болмаған. Таудағы ауа температурасы еліміздің шығысында 10-30 градус суық болса, оңтүсткік-шығыста 3-10 градус аяз болды. Ал оңтүстікте 2-5 градус нөлден төмен көрсеткішті көрсетті. Күндіз 4 градусқа дейін жылынды.
Жел мен боранның күшеюі байқалмаған. Сондықтан қар көшкіні қаупі болмады. Бірақ алдағы күндері 3-4 ақпанда Алматы облысында қар жауып, қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тауға шығудан бас тарту қажеттілігі ескертілді.