Алматы облысының тауларында сел қаупі сақталып отыр - ҚР ІІМ ТЖК
16:41, 04 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы облысының тауларында сел қаупінің сақталуына байланысты ескерту таратты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланып отыр.
«Ауа температурасының жоғары болуы мен болжанып отырған жауын-шашынға байланысты 4-7 тамыз аралығында Алматы облысының тауларында сел қаупі сақталып отыр», - делінген хабарламада.