Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алдағы тәуліктерде Алматы облысының таулы аймақтарында сел жүру қаупі бар. Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Дәлірек айтқанда 11 және 12 тамызда ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі сақталады.