Алматы облысының таулы аудандарында сел болуы ықтимал - Алматы қ. ТЖД
17:52, 13 Тамыз 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аудандарында алдағы 14-17 тамыз аралығында сел болу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«14-17 тамыз аралығында жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты, Алматы облысының таулы аймақтарында сел болу қаупі бар», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын 2015 жылдың 14-і мен 17 тамызы аралығында таулы аумаққа барудан бас тартуға шақырады.