Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін - ТЖД

АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Қардың  қалың жаууына және мөлшерден асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты Алматы облысындағы тауларда 24-26 ақпан күндері қар көшкіні болуы ықтимал.

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД осы күндері қар көшкінін туғызбау мақсатында туристер мен қала тұрғындарынан тау етегіне уақытша шықпауды сұрап, таулы аудандарда абай болуды ескертеді. Ал төтенше жағдай болғанда немесе оның қаупі туындағанда ТЖД-ның Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112 немесе 109 нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды.