«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 22 маусымдағы №59-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды.
2016 жылдың 23 маусымында нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, Алматы облысының жекелеген таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
19:55, 22 Маусым 2016
Алматы облысының таулы өзендерінде су тасуы ықтимал - Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, 2016 жылдың 23 маусымында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.