Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады
21:28, 22 Желтоқсан 2016
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша 22 желтоқсаннан бастап өңірдің кей аймақтарында ауа райы күрт суытады. Түнде 20-25 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болуы ықтимал. Сол себепті, тұрғындарды абай болуға шақырады.