Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алты балықшы қысқы балық аулау кезінде екі автокөлікпен жұқа мұзға шығып кеткен. Біраз уақыттан кейін мұз жарылып, бір көлік көлге батып кеткен.
«Мұз бетінде қалған алты адам жұқа мұздын бетімен өздігінен қозғала алмады (бұл учаскесіндегі мұздың қалыңдығы 10-15 см). Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 жүзу құралы және 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.