Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.9. MPV тербелісі - 5.6. Эпицентр координаты 44.40° с.ш. 82.27° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым.
Облыстық ТЖД деректеріне қарағанда, Алматы облысының Райымбек ауданы Шалкөде мен Нарынқол ауылдарында, Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында 2 балдық жер дүмпулері сезілді.