Жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт дерегі тіркелсе, оның 4-еуі отшашу қолдану салдарынан болған.
Текелі және Қаскелең қалаларында отшашу ұшқыны көпқабатты үйлердің балконына түсіп, ондағы киімдер мен заттардың өртенуіне себепші болған. Сондай-ақ Райымбек ауданы, Көмірші ауылында отшашудан 4,5 тонна шөп өртке оранса, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында 15 тонна мал азығы жанып кетті. Барлық өртті сөндіруге аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы атсалысты.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.