Алматы облысының тұрғыны элиталық алкогольді ішімдіктерді жасап келген

None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматыда қымбат алкогольді сусындарды қолдан әзірлейтін жасырын цех табылды. Алматы облысының 1988 жылғы тумасы жасырын қоймада элиталық алкогольді ішімдіктерді жасап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел іздестіру барысында 241 виски, 34 бөтелке коньяк ыдысы, сондай ақ, 7000 қымбат ішімдіктердің қақпағы табылған. Жасанды ішімдіктерді әзірлеп келген азамат арзан тұратын алкогольдік сусындарға 20 пайыз су араластырып қымбат бөтелкелерге құйып келгенін мойындады. Осы іске байланысты Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті дүкендерден ішімдік алған кезде міндетті түрді сауда чегін талап ету керектігін ескертеді.