Сол күні, яғни 23 мамырда тәртіп сақшылары Исаев Асен есімді азаматты қолға түсіріп, одан түсініктеме алды. Күдіктінің айтуынша Хайруллин Б. оның жылқысын ұрлап кеткен. Ашуланған Исаев оны сыртқа шығарып, өлтіріп, көміп кетуге оқталған. Бірақ оған дәті бармаған. Тергеу барысында күдіктінің бес уақыт намаз оқитыны және диструктивті бағыттағы «салафизм» ағымының ұстанушысы екені анықталды.
Исаевтың айтуынша ол Шамалған станциясындағы Тұрар мешітіне барып тұрады. Көп ешкіммен араласпайды. Қарасай ауданында діни қарым-қатынаста ешкімі жоқ.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 107-бабы яғни, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, шағымданушы Хайруллин Б. бұрын ұрлық үшін сотталған.