Алматы облысының тұрғыны «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысқан соң мал шаруашылығын дамыту үшін несие алды
09:30, 03 Сәуір 2012
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қараағаш аулының тұрғыны Руслан Мәмедов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысқан соң, алған несиеге 100 қой мен 25 бұзау сатып алды.
34 жастағы Р.Мәмедов Жұмыспен қамту орталығына барған кезде «Әлихан» шаруа қожалығының мүшесі болғандықтан өздігінен жұмыс басты тұлға статусында еді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушысы болған ол кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, мал шаруашылығын дамытуға бизнес жоспарын құрды. Содан кейін, шағын несиелік комиссияның оң келісімін алып, 3 млн. теңге көлеміндегі несиенің иесі атанды. Алған несиеге кәсіпкер 100 қой мен 25 бұзау сатып алды.
Болашақта ол ірі қара төлдерінің ұдайы өндірісін көбейтуді жоспарлап, «асыл тұқымды мал шаруашылығы» мәртебесін алуға еңбектенбек.