Алматы облысының тұрғынынан сібір жарасының терідегі түрі байқалып отыр

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазатқом ауылының 32 жастағы тұрғынына сібір жарасының терідегі түрімен сырқаттанған деген күдік келтіріліп отыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметнің хабарлауынша, дүйсенбі, шілденің 19-ы күні сырқат әйел орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.

Ауруды жұқтырған ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Онымен байланыста болған төрт адам есепке алынды.