09:59, 06 Мамыр 2009
Алматы облысының түзету мекемелерінде медициналық тексерулер өткізіліп жатыр
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Алматы облысының түзету мекемелерінде сотталғандарды медициналық тексеру шарасы өткізіліп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сейсембек Булыбаевтың айтуынша, медициналық тексеруден бірінші кезекте әйелдер мен кәмелетке толмағандар өтеді. Бұл шара, қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандардың денсаулығы мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына үлкен назар аударылып отырғанының айғағы, дейді С.Булыбаев. Кешенді тексерулердің нәтижесі бойынша, анықталған сырқаттар тұрақты диспансерлік қадағалауға алынып, емдеу-профилактикалық шараларымен қамтылмақ.