Облыстық ІІД хабарлағандай,олар биылғы жылдың басынан бері Іле, Қарасай, Талғар аудандарының аумақтарында қаскүнемдік ойларын жүзеге асырған. Күдіктілер жекеменшік тұрғын үйлерге пластикалық терезелерін ашып алу арқылы кірген.
Тонаушылардан ең көп зардап шеккендер Іле ауданының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта аталмыш топтардың Алматы облысы аумағындағы жалпы саны 20-ға жуық өзгенің мүлкін иеленуге қатыстылығы анықталып отыр.
Полиция қызметкерлері топ мүшелерінің әлі ашылмаған басқа да ұрлық-қарлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық тергеу материалдары Іле аудандық ІІБ-не берілді. Ұсталған күдіктілер де осында қамауға алынды.