Оған Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтер кілті табыс етілді. Облыстың басқа да 49 педагогы 50 мыңнан 350 мың аралығындағы ақшалай сыйлықтарға ие болды.
«Не дегенмен ұстаз тамаша кәсіп. Қазір бәріміз бірге ұстаздарымызға алғыс айтайықшы. Мұғалім мамандығы ең ауыр жұмыстардың бірі, солай бола тұра, ол құрметті мамандық», - деді сыйлықтар табыс етілген соң облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.