Бұл туралы журналистермен болған брифингте облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жанна Нүсіпова мәлімдеді.
Оның айтуынша, балалар құқығының қорғалуы бойынша бірнеше жоба қолға алынған. Соның бірі - «Баланы бірге қорғайық!» атты жол картасы. Аталмыш құжат бойынша, «үй-мектеп-үй» аралығы негізінде қауіпсіз бағыт картасы жасалып, негізгі жолдарға патрульдік қызмет қойыла бастады. Мектептерде семинарлар мен түрлі кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға күш салынған. Әсіресе, қылмыс жасауларына жол бермеу - басты мақсат.