Жаңа жылдық шыршалардан басқа да көптеген спорттық ойындар мен мәдениетті жаңғыртуға арналған шаралар ұйымдастырылуда. Қаңтардың 2-сі мен 9-ы аралығында шахматтан турнир өтуде, ал 5-і мен 8-і күндері жоғары сынып оқушылары арасында «Идеялардың форумы» дәстүрлі жиыны өтуде. Ертең қолөнер бойынша «Әдемiлiктi жасап шығарамыз» атты фестиваль басталады. Ал қаңтардың 8-і мен 9-ы аралығында 16 жалпы білім беру пәні бойынша ғылыми жарыстар өтсе, 11 күні ең үздік компьютерлік сурет бойынша конкурс ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ «Қысқы старт» басталып, волейболдан спартакиада, «Қысқы ойындардан эстафета», «Фитнес еліне саяхат» жарыстары ұйымдастырылуда.